13 қаңтар 2026

«Sharapat» тобы қалалық дәстүрлі ән байқауында I орын иеленді

«Sharapat» тобы қалалық дәстүрлі ән байқауында I орын иеленді

«Sharapat» тобы қалалық дәстүрлі ән байқауында I орын иеленді

«Sharapat» тобы Алматы қаласы әкімдігі мен «Майра» продюсерлік орталығы ұйымдастырған «Күміс көмей, жез таңдай» атты IV қалалық дәстүрлі ән орындаушыларының байқауында I орынды жеңіп алды. Байқау аясында эстрадалық-дәстүрлі ән жанры бойынша өнер көрсеткен Sharapat тобы кәсіби шеберлігімен, сахналық мәдениетімен және ұлттық музыкалық дәстүрді заманауи бағытта үйлестіре білуімен ерекшеленді. Қазылар алқасының шешімімен топтың орындаушылық деңгейі жоғары бағаланып, байқаудың бас жүлдесіне лайық деп танылды. Марапаттау рәсімінде жеңімпаздарға арнайы диплом табысталды. Sharapat тобының бұл жетістігі ұлттық музыканы насихаттаудағы шығармашылық еңбегінің және кәсіби дамуының айқын дәлелі болды.